Скарлатина ауруы

Скарлатина ауруы

Скарлатина ауруы

Балалар арасында жиі кездесетін, ауа - тамшылы жолмен берілетін, аурудың бірі - скарлатина. Аурудың қоздырғышы «А» тобындағы стрептококк болып табылады, ағзаның улануымен, жедел тонзиллитпен және ерекше бөртпелермен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

 Аурудың көзі - скарлатинамен   ауыратын науқастар. Ауру күз-қыс айларында өршиді. Аурудың  жасырын кезеңі он күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру бірден қатты басталады, қалтыраумен қатар,  температураның күрт өсуі байқалады, жүрек айну, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, әлсіздік болады.  Аурудың 1-ші тәулігінің аяғы мен 2-ші тәуліктің басында баланың кеудесіне  тұтас, ұсақ бөрткен қаптап  шығады. Бөртпенің ұзақтығы 2-4 күн, аурудың жеңіл ағымында бөртпелер тез жойылады, ал ауыр жағдайларда – 1 аптаға дейін сақталады. Ауруға тілдің өзгерістері тән, таңқурай тәрізді түспен сипатталады. Скарлатина ауруының  іріңді және аллергиялық  асқынулары  болуы мүмкін.  Аурудан емделу әдетте үйде жасалады, алайда ауырдың ауыр ағымында немесе эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты ауруханаға жатқызылады. Скарлатинаның алдын алуда ең бастысы науқасты оқшаулап, дәрігердің белгілеген емін бұлжытпай орындау керек.