Ірі қара малдағы аусыл ауруы: Мал ұстайтын кез келген адам нені білуі тиіс?

Ірі қара малдағы аусыл ауруы: Мал ұстайтын кез келген адам нені білуі тиіс?

Ірі қара малдағы аусыл ауруы: Мал ұстайтын кез келген адам нені білуі тиіс?

Үйінде немесе шаруа қожалығында мал ұстайтын кез келген шаруа ең алдымен олардың қандай аурумен ауыруы мүмкін екенін және мал ауруларының алдын алу үшін не істеу керектігін білуі тиіс. Себебі, мал ауруларына бей-жай қараудың арты үлкен қиыншылықтарға әкеп соқтыруы  мүмкін. Әсіресе, ІҚМ арасында кеңінен таралған, жұқпалы әрі қауіпті дерттің бірі – аусыл вирусына тоқталмақпыз.

Аусыл, синонимы - ауыздың эпизоотикалық қабынуы /яшур, эпизоотический стоматит /. Аусылмен үй жануарлары және жабайы жануарлар /қой,ешкі, сиыр, доңыз, бұғылар/ ауырады және олардан адамдарға жұғады. Ауру малдардан адамдарға жанасу тұрмыстық жолымен таралады, олардың сүтінде, сілекейінде, зәрінде, нәжісінде аурудың клиникалық белгілері білінгенге дейін анықталады. Науқас адам бірден-бір ауру жұқтырушы көзі болып табылады.

Ауру көп жағдайда тірі ағзаның терісін зақымдаудан басталады. Оның қауіптілігі, аурудың малдан малға ғана емес, сонымен бірге адамдарға да тез жұғатындығында. Тіпті кейде мысық, ит секілді үй жануарлары да ауру салдарынан зардап шегуі мүмкін. Ауру малдан малға тез жұғады. Мал ұстайтын шаруа аурудың алғашқы белгілеріне мұқият назар аударған дұрыс. Аурудың негізгі белгілері: Мал шаршаңқы болып, жем-шөпке қарамай, жатып қалады; Дене қызуы көтеріледі (бірақ тез басылады); Іш өту белгілері байқалады; Ақсап, алдыңғы аяғы жүрмей қалады (бұл, әсіресе, ірі қара малға қатысты); Күйіс қайтаруы азаяды; Сілекейдің бөлінуі артады; Кей жағдайларда мал аузын аша алмай қалады. Егер сіз малдан осындай белгілерді байқап қалсаңыз, уақыт ұттырмастан, мал дәрігеріне хабарласыңыз.

Дерт қалай өтеді? Әр жануарда бұл ауру әртүрлі өтеді. Мәселен, ірі қара малда жасырын түрде ауру 1-3, тіптен кейде 7- 20 тәулікке дейін өтуі мүмкін. Мұндай кезде олардан ешқандай өзгеріс байқалмайды. Бірақ, вирус ақырындап оны жеңе бастайды. Мал күйіс қайтармай, жүрек соғысы жиілей бастайды. 2-3 тәулікте малдың ауыз қуысында, тілінде, жақ бұлшықеттерінде, еріндерінде бөрітпелер пайда болады. Ауыр жағдайларда мұндай жаралар тұяқ арасына және желіндеріне шығады. Кей кезде мал аяқ басып жүре алмай, ақсап қалады. Жаралардың орны күлдіреп, қалады. Бұл күлдіреуіктер 12-24 сағаттан соң жарылып, орнында тағы да жара пайда болады. Бұл уақытта малдың дене қызуы қалпына келеді. Бірақ, сілекейдің бөлінуі азаймайды. Ауызынан көбік ағады. Ауру асқынған жағдайда, олардың мүйізі де зақымдалуы мүмкін. Сүтті сиырларда күлдіреуіктер желінге дейін зақымдап, сүт каналдарын жауып тастайды. Сүттің дәмі қышқылданып, ол маститке айналып кетеді.

Қалай алдын алуға болады? Өзге де вирустық аурулар секілді, аусылдың алдын алу шараларын қарастырған жөн. Бірінші кезекте міндетте түрде кез келген мал ұстайтын адам малын уақытылы вакциналап тұру керек. Ғалымдардың айтуынша, аусылмен ауырған мал жазылған соң да оның ағзасында вирусы сақталып қалады. Сондықтан, ол малды өртеген жөн екенін айтады. Сонымен бірге,  аусыл вирусы қайнатқан кезде 2 минутта өліп, жойылып кететіні ғылыми түрде дәлелденген болғандықтан, кез келген сүт өнімдерін қайнатылған күйде қолданған дұрыс екенін ескертеді. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ екенін ұмытпағанымыз жөн.