ДЕНСАУЛЫҚ: Адам суды неге көп ішуі керек?

ДЕНСАУЛЫҚ: Адам суды неге көп ішуі керек?

ДЕНСАУЛЫҚ: Адам суды неге көп ішуі керек?


Су кез келген тірі ағза үшін аса қажетті нәрсе. Адам ағзасының 65-70 пайызы судан тұрады. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі дәлелденген. Алайда, мұнша су не үшін қажет? Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамызда кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады.  Судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несеп арқылы ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Тағы бір маңызды мүше бауыр,  жүрек пен буынның саулығы  атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті, жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады.  Буындардың қозғалуы әрі ептілігі әрбір буында буын сұйықтығы бар.  Сол сұйықтықтың арқасында буын жылжып тұрады. Ал ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі.  Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді.  Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады.  Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық.  Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несептің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді. Су - дене температурасын реттейді . Ми да суды қажет етеді бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі - бұл ағзадағы су мөлшері аз адамда кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді. Терінің әдемілігі сақталады. Жұмсақ, таза тері қандай жағымды әрі әдемі көрінеді!  Әрине, тері тазалығын сақтау үшін біз түрлі косметикалар қолданамыз, косметологтар кеңесіне жүгінеміз, алайда, судың қажеттілігін де ұмытпаймыз. Суды керекті мөлшерде қолдану терідегі ылғалдықты сақтауға көмектеседі, терінің қартаюына қарсы әрекет етеді.

 Ағзаны қалай «суару» қажет?!

  1. Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіз 90 келі тартасызү 90*30=2700 мл су.
  2. Әрбір таңды бір стакан шаймен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш беріп, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз.
  3. Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн сайынғы ішетін су мөлшерін ұмытпаңыз. Бұл жоспарды асыра орындауға да болады. Бүйрек сау болса, судың кейбір артық мөлшерін де реттейді. Егер өте жұмыс басты болсаңыз, суды жұмыс үстеліне артығымен қойыңыз. Өйткені, су іздеп әуре болмайсыз және маңызды құжаттар арасында судың тұрғаны сіздің денеңізге су керектігін еске салып тұрады.
  4. Егер сіз спортпен шұғылданып, белсенді қимылдайтын болсаңыз, ағзаңызға су артығымен қажет екенін есте сақтаңыз. Өйткені, ағзадағы судың көп бөлігі термен кетіп қалады. Күніне ішетін су мөлшеріне кем дегенде 2 литр және 2 стакан су қосыңыз.
  5. Ауырған кезде, әсіресе, дене қызуы көтерілгенде сізге су аса қажет болады. Мұндай кезде су ең маңызды дәрінің бірі болмақ. Сіздің ағзаңызға жиналған бактериялар мен вирустардың кесірінен токсиндер жиналып, сіздің қимылдауыңыз да ауырлап кетеді. Ағзадағы жағымсыз заттардан арылу үшін су ішіңіз. Егер су іше алмасаңыз, лимон қосылған шай, компот, тауық сорпасын қабылдаңыз. Бактериялардың бой алуына жол бермей, бүйректеріңіздің жұмысын жақсартуға көмектесіңіз.
  6. Құрғақ ауа кезінде суды көп ішіңіз. Өйткені, мұндай кездерде көп терлеп, көп тыныс алғандықтан, ағзадағы су азаяды. Мысалы, ұшақта ауа құрғақ. Сол себепті, стюардессалар жолаушыларға су, шырын және шайды көп ұсынады.
  7. Кейбір аурулар кезінде су мөлшерін азайтуға тура келеді. Егер бүйрек қызметі бұзылса, жүрек өз жұмысын дұрыс атқара алмаса, ал аяқ ісіп кетсе, онда судан бас тарта тұрған дұрыс.
  8. Ішетін суды дұрыстап таңдаңыз. Әрине, қайнаған суды да ішуге болады. Алайда, қайнаға суда көптеген элементтер жойылып кетеді. Сондықтан, дәмсіз суды көп іше алмайсыз. Бөтелкеленген суды сатып алыңыз. Тіпті, табиғи суды алып ішсеңіз, нұр үстіне нұр. Алайда, көктемде қар еріген сәттегі су да қауіпті болуы мүмкін. Мұндай кездерде ішек қызметін бұзатын бактериялар кездеседі. Сол себепті, су ішкенде де сақ болыңыз.
  9. Суды күні бойы ішіңіз. Бір күннің нормасын аз уақытта орындаймын деп ойламаңыз. Өйткені, ол бүйрегіңізге күш түсіреді. Ал сәлден соң бұл сұйықтықтың тең жартысы сыртқа кетеді де, ағзаңызға тағы да су жетпеуі мүмкін.