Амангелді Имановтың өмірі мен қызметінің қысқаша тарихы

Амангелді Имановтың өмірі мен қызметінің қысқаша тарихы
Амангелді Имановтың өмірі мен қызметінің қысқаша тарихы
 Амангелді Иманов 1873 жылы 3 сәуірде Торғай уезі Қайдауыл болысында дүниеге келген.
 1879 жылы әкесі Үдербай өмірден өтті.
 1881-1884 жылдары Амангелді ауыл молдасынан оқып, сауат ашты.
1887 жылдан Амангелді байларға батырақ болып жалданды.
 1900 жылы түрмеге қамалды.
 1906 жылы Амангелді патша қазынасына салық төлеуден бас тартып, қазақ еңбекшілерінің Қараторғай және Қайдауыл болыстарында байлардың шабындық жерлерін заңсыз басып алуларына қарсы наразылықтарын ұйымдастырды және оны өзі басқарды.
 1908 жылы Амангелді Иманов қазақтардың көтерілісін Торғайдағы патша әкімшілігіне қарсы бағыттағаны үшін тұтқынға алынды .
 1909 жылы Амангелді Атбасарда Әділбек Майкөтовпен танысты.
 1909 жылы 22 маусымда Саумалкөл судиясының алдында Қараменде Тақайұлының дауынан құтылды.
 1910 жылы 25 наурызда Амангелді Садуақас Сатыбалдыұлының арызымен істі болып, Көкшетау сотында ақталып шықты.
 1911 жылы 22 тамызда (кей деректерде 17 қыркүйек) үлкен ұлы Рамазан дүниеге келеді.
 1912 жылы Амангелді Атбасарда Әділбек Майкөтовпен екінші рет кездесті.
 1912 жылдың соңы мен 1913 жылдың жартысында Амангелді Әліби Жангелдинмен бірге Торғай облыстарының ауылдарын аралады.
 1914 жылы 1 наурызда Саумалкөл судиясының 523-ші нөмірлі куәлігін Торғай уезінде тапсырды.
 1914 жылы 17 маусымда екінші ұлы Шәріп дүниеге келеді.
 1914 жылдың ақпан айында түрмеге қамалған шаруалардың ісі бойынша Петербургке барды.
 1915 жылы 15 маусымдағы 13 болыстың ел ағалары жиналған мәжіліс шешімімен Амангелді тұтқынға алынып, мекендеп отырған жері тартып алынды. (Батпаққара өңіріндегі Сарбұлақ жері әубаста Үдербайдың еншісінде болатын, бірақ оны Бектас бай иемденіп, бегімбеттерді жақындатпайтын.)
 1916 жылдың бірінші жартысында Амангелді саяси көзқарасы үшін Байқоңырдың жер қазу жұмысына жер аударылған, 1905-1907 жылдардағы революцияға қатысқан И.Деевпен танысып, кездесіп жүреді.
 1916 жылы шілде айының ортасында Амангелді Иманов Торғай уезінде көтерілісшілердің алғашқы отрядын ұйымдастырды.
 1916 жылы шілде айының соңында А.Иманов Досан қопасында Торғай болысы көтерілісшілер отряды басшыларының жиынын өткізді.
 1916 жылы тамыз айының басында Торғай уезінің Сұрша тоғайына жиналған көтерілісшілер Амангелді Имановты өздерінің бас қолбасшысы (сардар) етіп сайлады.
 1916 жылы тамыз айының соңында қыркүйек айының бірінші жартысында А.Имановтың партизандық отряды жазалаушылармен бірқатар сәтті ұрыстар жүргізді.
 1916 жылы 17 қыркүйекке қарай А.Имановпен бастаған жергілікті көтерілісшілермен қатар Ақмола облысының Петропавл және Атбасар уездерінің, Сырдария болысының Перовск уезінің және Торғай болысының Қостанай уезінің партизандық отряды Торғай уездіне шоғырландырылды. Олар Ырғыз, Торғай жолы бойындағы почта станциясын басып алып, телеграф сымдарын үзді.
 1916 жылы 23 қазанда көтерілісшілер Амангелді Имановтың басшылығымен Торғайды қоршай бастайды.
 1916 жылы қараша айының жартысында Торғай болысындағы көтеріліс жалпы халықтық сипат алды. Амангелді Иманов жауынгерлерінің жалпы саны 50 мың адамнан асты.
 1916 жылы 3 қарашада Торғай өзенінің бойында Амангелді Иманов пен жазалаушылар арасында ұрыс болды. Көтерілісшілер аса ерлікпен соғысты. Жау шегінді.
 1916 жылы 4 қарашада Торғайды қоршауға алған көтерілісшілер отряды басшылары кеңесінде қалаға шабуыл жасау жөніндегі Аманкелді Имановтың ұсынысы қабылданды.
 1916 жылы 6 қарашада Амангелді Имановтың басшылығымен көтерілісшілер шабуылға шықты, олар қаланың бір бөлігін басып алды, бірақ артиллерия мен пулеметтен атқылаудан кейін кері шегінді.
 1916 жылы қараша айының соңында көтерілісшілердің көпшілік бөлігі Торғайдан 120-150 шақырым жердегі Батпаққара селосына бекінді. Осы жерде көтерілісшілер қарулы күштерінің штабы құрылды.
 1916 жылы қараша айының соңында А.Иманов өзінің отрядымен жанқиярлық шайқастың барысында Торғайды азат етті.
 1917 жылы 12 қаңтарға қараған түн Торғай – Шолақсай жолы түгелдей көтерілісшілердің қол астына көшті.
 1917 жылы 18-20 ақпанда Торғай уезінің Құмкешу ауылына жақын жерде көтерілісшілер мен жазалаушылар отряды арасында айқас болды. Көтерілісші жолдастарына өз сарбаздарымен Аманкелді Имановқа көмекке келді.
 1917 жылы 21 – 24 ақпанда Амангелді Имановтың көтерілісшілер отряды ерлікпен қарсылық көрсеткеннен кейін күш жинап, күресті онан әрі жалғастыру үшін Батпаққараны тастап шығып, құм арасына кетті.
 1917 жылы Ақпан айының соңында Амангелді Имановтың сарбаздары Батпаққараға қайта оралды. Көтерілісшілер отряды Торғай уезінің Қарақоға, Сарықопа, Бірінші Наурызым болыстарына келе бастады.
 1917 жылдың наурыз айында соғыс жағдайы әлі сақталып қалған еді. Жазалаушылар отряды көтеріліске қатысушылардың ізіне түсумен болды.
 1917 жылдың шілде айында Уақытша өкімет органдарының рұқсатымен алашордашылар ұйымдастырған байлар соты болды. Сот Амангелді Имановты Сібірге 10 жылға жер аударуға үкім шығарды. Ұлы Октябрь социалистік революциясы туралы хабардың жетуіне байланысты үкім орындалмай қалды.
 1917 жылдың жазы мен күзінде А.Иманов және большевиктік көзқарастағы Н.Токарев, Қ.Қайдосов, Х.Токин Торғай кедейлерінің арасында үгіт жүргізді, олар өз үгіттерінде буржуазиялық Уақытша Үкіметтің отаршылдық саясатын әшкереледі.
 1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Торғай уезінде Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің әскери тірегі А.Имановтың отряды болды.
 1918 жылдың 21 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Амангелді Иманов Торғай уезі еңбекшілерінің атынан Орынборда өткен жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттары Кеңесінің Торғай облыстық бірінші съездіне қатысты.
 1918 жылы 26 наурызда А.Иманов съездің шаруашылық істері жөніндегі комиссиясына мүшелікке сайланды.
 1918 жылы 4 сәуірде А.Иманов Кеңестердің Торғай облысы съезі делегаттары топтарымен бірге дутовшылардың Орынборға жасаған шабуылына тойтарыс беруге қатысты.
 1918 жылдың сәуір – мамыр айларында А.Иманов съезд шешімін түсіндірді. Торғай даласында ауылдық және болыстық Кеңестерді құруға және нығайтуға, жер туралы лениндік Декретті жүзеге асыруға қатысты.
 1918 жылы мамыр айында Торғай контрреволюциялық төңкеріс болды.
 1918 жылы майынан желтоқсан айына дейінгі аралықта А.Иманов ақ гвардияшылардың тылында Дутовтың контрреволюцияшыл бандылары мен алашордашыларға қарсы партизандық қозғалысты ұйымдастырды.
 1918 жылдың жаз айында Амангелді екінші әйелі Балым Жармағанбет қызына үйленеді.
 1918 жылы қараша айында Амангелді Иманов уездің әскери комиссары болып тағайындалды.
 1918 жылы желтоқсан айының ортасында Ә.Жангелдин, А.Иманов және И.Киселев бастаған отряд Торғай қаласын ақ гвардияшылар мен алашордашылардан азат етті. А.Иманов Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды.
 Желтоқсан айының екінші жартысында Торғайда большевиктік партия ұйымы құрылды. А.Иманов РКП(б) мүшелігіне өтті.
 1919 жылғы 8 қаңтарда А.Иманов Далалық Қырғыз (Қазақ) өлкесі Төтенше комиссары мен Торғай облыстық әскери комиссарынан Қызыл Армия бөлімдерін ұйымдастыру үшін қолхатпен 10 мың сом ақша алды.
 1919 жылы сәуір айының басында Колчактың Шығыс майданындағы шабуылына және Ақтөбе Совдепінің құлауына байланысты Ақтөбе майданының командованиесі А.Имановқа Торғайда жасақталған атты әскер эскадрондарын Шалқарға жіберуді және кеңес мекемелерін эвакуациялау туралы, сондай-ақ гарнизонның әскер бөлімдерінің майдан командованиесінің қол астына көшкендігі туралы бұйрық берді.
 1919 жылдың қысында Амангелді Торғайда болды.
 Қаңтар - наурыз айларында Ә.Жангелдин, А.Иманов жастардан Қызыл Армия бөлімдерін құрды, уездік әскери комиссариатын, оның жанынан взвод және бөлім командирлерін даярлайтын мектеп, оқ командасын және пулеметшілер курсын ұйымдастырды.
 9 сәуірде А.Иманов Қостанайдан қашып келгендерді Қызыл Армия отрядтарына алудың мүмкіндігі туралы губерниялық әскери комиссары Н.Токаревке телеграмма жіберді.
 1919 жылдың 18 сәуірінде Амангелді губерниялық әскери комиссариатынан өз отрядымен Ақтөбе майданындағы кеңес жауынгерлеріне қосыл деген бұйрық алды. 19 сәуірде А.Иманов барлық мекемелердің және гарнизонның Торғайдан Шалқарға көшуіне бұйрық берді.
 1919 жылдың 20 сәуірінде Торғайға Таранның отряды келді. А.Иманов Л.Таранмен және К.Иноземцев және көптеген Қызыл Армия жауынгері тұтқындалды.
 1919 жылдың 18 мамырында, Торғайда Амангелді Иманов қаза тапты.
 1920 жылы сүйегі Бегімбеттің Алакөліне әкелініп, жерленді.
 1937 жылы (ауданға 1936 жылы Амангелді атауы берілген) сүйегі аудан орталығын қайта жерленді.