Дүкеннен алатын ауыз су туралы не білуіміз керек?

Дүкеннен алатын ауыз су туралы не білуіміз керек?

Дүкеннен алатын ауыз су туралы не білуіміз керек?

Бүгінгі күні сатып алушылар үшін дүкендерде ауыз судың мол таңдауы бар. Олар әртүрлі су көздерінен алынады және минералдануымен, газбен қанығу деңгейімен, иісімен, дәмімен ерекшеленеді. Мәселен, тұтынушылар ауыз суды таңдағанда не нәрсеге назар аударуы керек?

Ең алдымен таңбалауға қараңыз. Таңбалау сенімді ақпаратты қамтуы тиіс. Ауыз суды буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен (ЕАЭО ТР 044/2017) реттеледі.

Табиғи ауыз суды таңбалау мынадай ақпаратты қамтуы керек: «газдалған» немесе «газдалмаған» деген сөздер; су жинау орны туралы мәліметтер; жалпы минералдануы; сөздер – «негізгі құрамы:» бұдан әрі табиғи ауыз судың химиялық құрамының элементтері және олардың мөлшерінің шекті мәндері көрсетіледі; көлемі 5 литр және одан да көп болса – ашылғаннан кейінгі сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімі.

Табиғи минералды суды таңбалау мынадай ақпаратты қамтуы керек: судың мақсаты, «газдалған» немесе «газдалмаған» деген сөздер; кен орны немесе кен орнының учаскесі көрсетілген ұңғыманың нөмірі немесе су көзінің атауы және оның орналасқан жері; жалпы минералдануы; «негізгі құрамы:» бұдан әрі химиялық құрам элементтері мен табиғи минералды суды сипаттайтын биологиялық белсенді компоненттері көрсетіледі (олар болған кезде) және олардың мөлшерінің шекті мәндері; жазба: «Құрамында фторид бар» және жазба: «Мектеп жасына дейінгі балалардың жүйелі тұтынуы үшін ұсынылмайды»; ашылғаннан кейінгі сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімі – көлемі 5 л және одан да көп. Таңбалауда қосымша мынадай жазуларды көрсетуге жол беріледі: мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы берген осы судың емдік-профилактикалық қасиеттерінің болуын растайтын құжатқа сәйкес «Асқазан-ішек жолдарын босаңсытатын әсері болуы мүмкін» және «Несеп айдау әсері болуы мүмкін».

Ауыз су атауында қандай ерекшеліктер болуы мүмкін?

Ауыз судың әрбір түрі үшін мынадай атау көрсетілуі тиіс: асханалық табиғи минералды су үшін – «табиғи минералды асханалық ауыз су»; емдік-асханалық табиғи минералды су үшін – «табиғи минералды емдік-асханалық ауыз су»; емдік табиғи минералды су үшін – «табиғи минералды емдік су»; өңделген ауыз су үшін – «ауыз су»; купаждалған ауыз су үшін – «купаждалған ауыз су».

Ал, балалар тағамына арналған судың таңбалауына және құйылуына келер болсақ, судың қай жастағы балаларға арналғаны туралы ақпарат көрсетілуі міндетті (0-ден 3 жасқа дейін немесе 3 жастан бастап). Одан бөлек, балаларға арналған ауыз судың тұтыну қаптамасының көлемі 6 литрден аспау керек екенін естен шығармаңыз.

Ауыз су мен минералды суды таңбалау туралы шағын ақпаратымыз сізге сапалы және қауіпсіз өнімді таңдауға мүмкіндік береді деп сенеміз.