Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі.
Бүгін аудандық Е.Сейкенов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде мәдениет және өнер қызметкерлері арасында волейболдан аймақтық жарыс өтті. Спорттық жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары С.Ганиев сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберлікті шыңдау өте маңызды екенін айтты. Жітіқара, Әулиекөл, Жангелді, Амангелді аудандары, Қостанай, Арқалық қалаларынан барлығы 8 команда қатысты. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті.