Қант ДИАБЕТІ – қан құрамындағы глюкоза деңгейінің артуына /гипергликемия/ алып келетін, инсулин деп аталатын гормонның жетіспеушілігімен немесе толықтай жоқтығымен түсіндірілетін созылмалы ауру.
Қант диабеті дамуының негізгі себептері:
-дененің артық салмағы
-дененің аз қозғалысы
-дұрыс тамақтанбау
-күйзелістер, ұзақ зорығу
-жүктілік кезіндегі қант диабеті /гестациондық қант диабеті/
-қант диабеті бар туыстар
-65 жастан жоғары
Қант диабеті –бұл ерекше өмір салты, бұны сақтай отырып, өмір сапасының жоғары деңгейін ұзақ сақтай және асқынуларды нөлге дейін төмендете аласыз.
Қант диабетінің белгілері:
-үнемі сусап тұру, ауыздағы құрғақшылық
-кіші дәреттің жиілеуі
-әлсіздік, шаршаудың артуы
-жаралардың ұзақ жазылуы
-терінің құрғауы, қышуы
-салмақтың азаюы
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!
Дені сау адамда аш қарынға глюкоза деңгейі 1 литрге 5,5 миллимольден төмен болады.
Қант диабетінен қорғануға салауатты өмір салты көмектеседі.
Қант диабетін қалай ескертуге болады.
-Өз тамақтануыңызды ұйымдастырыңыз;
-Үлес көлемін қысқартып, тамақтану санын күніне 5-6 ретке дейін арттырыңыз;
-Рациондағы жоғары калориялы тағам санын қысқартыңыз
-Тез дайындалатын өнімдерден бас тартыңыз;
-Дене салмағын бақылаңыз
-Күнделікті дене белсенділігін қамтамасыз етіңіз
-Шылым шегуден, алкогольды пайдаланудан бас тартыңыз
-Күйзеліске қарсы тұруды үйреніңіз
Қант диабетін ерте анықтау үшін скринингтік тексерістен Өтіңіз! Сіз тіркелген медициналық мекемеде скриниг тегін жүргізіледі!
Қант диабетінің алдын алуы.
-Темекі шегіден және ішімдіктен бас тарту.
- Жемістер мен көкеністерді күнделікті тұтыну.
-Жан тыныштығын сақтау.
-Дұрыс үйлесімді тамақтану.
-Дене белсенділігін арттыру.
-Медициналық тексеруден өту.
Қант диабетінің асқынуы.
-Ми инфаркті миға қанның құйылуы.
-Бүйрек қызметінің бұзылуы.
-Белсіздік.
-Диабеттің табан-табанның ауыруы /жаралар, іріңді-некроздық өліеттенген процестер/.
-Көздің көруінің нашарлауы, катаракта, соқырлық.
-Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек инфаркті.
-Шеткі тамырлардың атеросклерозы./беріштенуі/.
Гипогликемиялық және гипергликемиялық команың қант диабеті кезіндегі ең қауіпті асқыну екенін ЕСТЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ!