24-қазан –Кітапханашылар күні.

24-қазан –Кітапханашылар күні.

24-қазан –Кітапханашылар күні.

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.

Биыл, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді. Осы мерекеге орай, 18-қазан күні  Амангелді аудандық орталық кітапханасында тұңғыш рет «Кітапханашы - мәртебелі мамандық» тақырыбында  кітапханашылар күні мерекесі аталып  өтілді. 

Аудан әкімінің орынбасары Ғаниев Сүндет Жолдыбекұлы сөзалып, білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана екенін, жаңа технология заманында да, кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала беретінін айтып, қатысушы кітапханашыларға сәттілік пен еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қалмаков Ерлан  Болатұлының «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай және мәдениет пен өнер саласын  дамытуға қосқан елеулі үлесі» үшін Ақдәулетова Шынар Қайыржанқызы мен  Сейлова Майра Нұртазақызы марапатталады.