Туберкулез –қауіпті жұқпалы дерт

Туберкулез –қауіпті жұқпалы дерт

Туберкулез –қауіпті жұқпалы дерт                                          

Туберкулез –қауіпті жұқпалы дерт, оны дұрыс және уақытымен емдесе, толығымен емделеді.Туберкулез- Кох таяқшасымен қоздырылатын,әртүрлі органдар мен жүйелерді, көбіне өкпені зақымдайтын дерт.  Өкпе  туберкулезімен ауыратын адам емделмесе, жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде микробтарды таратып, сау адамдарға дертті жұқтырады, алайда туберкулезге шалдыққан малдан өндірілген ет-сүт өнімдерін пайдаланғанда да туберкулезді жұқтыру мүмкін. Туберкулездің алғашқы белгілері:2 аптадам астам жөтелу,әсіресе түн мезгілінде қатты терлеу, дене қызуының қөтерілуі, дене салмағының төмендеуі, тәбеттің болмауы, жалпы қалжырау, әлсіздік, кеуденің шаншуы, қан түкіру.

Туберкулездің алғашқы белгілері байқалса- шұғыл медицина қызметкерлеріне каралыныз. Туберкулезді емдеу-тегін.   Туберкулез ауруын алдын алу үшін:салауатты өмір салтын ұстаныңыз,  тиімді тамақтану (тамаққа етті, сүт өнімдерін, балықты, дәнді дақылдарды, көкіністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану) ол иммунитетіңізді күшейтеді, үнемі дене шынықтырумен айналысу, жақсы демалу, салауатты қоршаған орта, темекі шегуден, алкогольден, есірткілерден бас тарту. Жеке және қоғамдық тазалық  ережесін сақтаныз ( қолыңызды тазалап жуыңыз және тұратын жеріңізді таза ұстаныз, таза ауаға  жиі шығыңыз). Жыл сайын емханадан флюорографиялық тексеруден өтіңіз. Жаңа туылған балаңызға туберкулезге қарсы екпе жасатыңыз.