Ата-аналарға жазғы сауықтыру ұйымдарын таңдау бойынша ұсыныстар!

Ата-аналарға жазғы сауықтыру ұйымдарын таңдау бойынша ұсыныстар!

Ата-аналарға жазғы сауықтыру ұйымдарын таңдау бойынша ұсыныстар!

Оқушылар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі - жаз және жазғы демалыс. Бұл балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды рөл атқарады. Барлық ата-аналар бұл уақытты балаға қызықты және қаланың шуынан тыс жерде өткізуді қалайды.Демек, жазғы лагерьді таңдаудың уақыты келді.

Лагерьде демалу тек қарапайым жазғы демалыс емес, ол баланың өсіп-өркендеуі үшін маңызды қадам болып табылады. Лагерь - балаға тәуелсіз және жауапты болуға көмектесетін қандайда да бір еркіндік берудің керемет мүмкіндігі. Лагерьде бала қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, командамен жұмыс істеп үйренуге, достар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Жазғы сауықтыру лагерьлердің (қала сыртындағы лагерьлер) ашылуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жүзеге асырылады.

Жазғы лагерьді таңдаған кезде төмендегідей талаптарды ескеру қажет:- сауықтыру лагерінің қызметі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар екендігіне көз жеткізу;

- балалардың жатын бөлмелерінің жағдайына назар аударыңыздар. Балалар бөлмелері кең, жарық, жөндеуден өткен, тұруға жайлы және ойын ойнауға қажеттінің бәрі болуы керек. Бөлмеде қанша бала бар екенін, терезелер ашылатынын, қаншалықты жиі тазаланатыны туралы сұрастыру қажет. Өйткені, бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 м2 есебінен көзделеді. Жақсы көңіл-күй мен әл-ауқат ғана емес, кейде баланың денсаулығы да осы кішкентай нәрселерге байланысты болады;

- лагерьдегі балалардың тамақтануына назар аударыңыз. Тамақтану арасындағы интервал 3,5 - 4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Тамақ арасындағы аралықта ас мәзіріне қымызды немесе қышқыл сүт өнімін енгізу ұсынылады. Объекті басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді (темірмен байытылған ұн, йодталған тұз, йод пен және басқа да микроэлементтермен байытылған қышқыл-сүт өнімдері және т.б). Ата-аналар өнімдердің сапасына сенімді болуы керек, сондықтан ұсынылған мәзірмен алдын ала танысуға болады;

- Балаларды оңалту кезінде қатайту және қалпына келтіру процедураларына көп көңіл бөлу керек (ваннаға түсу, ауа ванналары, таза ауада таңертеңгілік жаттығулар, аяққа контрастты су құю, қырлы тақтаймен жүру).

Балаларыңыз үшін жақсы, пайдалы және қызықты демалыс тілейміз!