Хабарлама!

Хабарлама!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкімнің халықпен кездесулер өткізу кестесіне өзгерістер енгізілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Амангелді және Жангелдин аудандарының тұрғындарымен жоспарланған кездесулер ағымдағы жылдың маусымына ауыстырылады. Кездесулерді өткізу күндері қосымша хабарланатын болады. 

Сонымен қатар, А. Байтұрсыновтың 150 жылдығын мерекелеу дайындығы мәселесі бойынша ағымдағы жылғы 24-25 мамырда облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовтің аталған өңірлерге жұмыс сапары жоспарланғанын хабарлаймыз.