ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің онлайн

жәрмеңкесі туралы

           

 

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруда қолданыстағы тетіктердің бірі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы халықтың хабардар ету мақсатында Амангелді ауданының мемлекеттік органдарымен 2021 жылдың 30 қарашасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесінде қатысқан мекемелер: Амангелді аудандық Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Амангелді аудандық аумақтық инспекциясыны, Амангелді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы қатысты.

         Онлайн жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекемелер көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы, ауылшарушалығы, ветеринария, санитария саласында баяндама оқыды және тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берді.

         Алдағы уақыттарда да осындай жәрмеңкелер, тікелей эфирлер өткізіліп отырады, аудан тұрғындарынан әлеуметтік желілерде белсенді болып, сұрақтар қою сұралады. Тікелей эфирлер аудан әкімдігінің ресми фейсбук парақшасында өтеді.

 

 

Амангелді ауданы

әкімі аппаратының

бөлім басшысы                                                         Ж. Кусаинов