ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің онлайн

жәрмеңкесі туралы

           

 

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруда қолданыстағы тетіктердің бірі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы халықтың хабардар ету мақсатында Амангелді ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 16 қарашасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесінде қатысқан мекемелер: Амангелді аудандық кірістер басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы қатысты.

         Онлайн жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекемелер көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы, салықтарды төлеу, салық әкімшілігі саласында баяндама оқыды және тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берді.

         Кезекті онлайн жәрмеңке 30 қараша 2021 жылы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалын қоса отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында интернет платформа (Зум) және әлеуметтік желілер (Instagram, Фейсбук) арқылы әрбір мемлекеттік органның қызметі тақырыбы бойынша ұйымдастырылады.

 

 

Амангелді ауданы

әкімі аппаратының

бөлім басшысы                                                         Ж. Кусаинов