ПРЕСС-РЕЛИЗ
Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің онлайн
жәрмеңкесі туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруда қолданыстағы тетіктердің бірі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы халықтың хабардар ету мақсатында Амангелді ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 02 қарашасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесінде қатысқан мекемелер: Амангелді ауданы әкімі аппаратының заң бөлімі, Амангелді және жангелдин аудандарының біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Амангелді аудандық ауруханасы, Амангелді аудандық кірістер басқармасы, Амангелді аудандық Полиция бөлімінің Көші-қон бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы қатысты.
Онлайн жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекемелер көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы, көші-қон, миграция, азаматтарды тіркеу, денсаулық сақтау және салықтарды төлеу саласында баяндама оқыды және тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кезекті онлайн жәрмеңке 2 қараша 2021 жылы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалын қоса отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында интернет платформа (Зум) және әлеуметтік желілер (Instagram, Фейсбук) арқылы әрбір мемлекеттік органның қызметі тақырыбы бойынша ұйымдастырылады.
Амангелді ауданы
әкімі аппаратының
бөлім басшысы Ж. Кусаинов