Президенттік жастар кадр резерві
2021 жылғы 1 қыркүйегінен бастап мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды біріктіретін ЖОБА басталады.
Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.
Резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік саяси лауазымдарға, А корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық лауазымдарына және "Б" корпусының А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
Резервке алу үшін үміткерлерге бірнеше жүйелі кезеңдерден өту керек, оның ішінде:
Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі.