Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 18 шілдеде Қостанай облысында COVID-19-дың 126 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,69 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 30, Рудный қ. - 27, Арқалық қ. – 23, Жітіқара қаласы, Қостанай және Мендықара аудандарында 9 – дан, Әулиекөл ауданы – 7, Лисаков қаласы және Б.Майлин ауданында 5 – ден, Алтынсарин және Денисов аудандарында – 1.

85 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 35 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 6 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 80 адамда ауру белгілері болды, 46 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 18 шілде аралығында COVID-19-дың 18273  жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны –16911.