Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 15 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 32 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,19 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 13, Рудный қ. - 5, Арқалық қ., Жітіқара қ., Әулиекөл және Қарабалық аудандарында 3-ден, Лисаков қаласы және Сарыкөл ауданында – 1.
26 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 15 маусым аралығында COVID-19-дың 16287 жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 15854.