Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 03 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 26 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,17 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 12, Рудный қ. жәнеЖангелді ауданында 3-ден,
Арқалық қ., Алтынсарин және Федеров аудандарында 2-ден, Қарасу және Сарыкөл аудандарында 1-ден.
17 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 17 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 03 мамыр аралығында COVID-19-дың  14817 жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14243.