ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ ӨҢІРІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ ӨҢІРІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов жұмыс сапары аясында Қостанай облысының бірнеше қалалары мен аудандарында болды.

Ұйымдастырылған қабылдаулар аясында Қостанай, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының тұрғындары өз мәселелері туралы айтып берді.

Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік саясат және жұмыспен қамту салаларына қатысты болды.

Осылайша, Дина Әбденова осы жылдың ақпан айында бас маманға конкурсқа қатысып, бүгін Алтынсарин ауданының әкімдігінде жұмыс істейді. Дина мемлекеттік қызметте жұмыс жасауды бұрыннан бері армандағанын жасырмады. Алайда, ол әлі үлкен мансапқа жоспар құруға асықпайды-оған себеп: мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру және жас мамандарды одан әрі қысқарту мәселесі алаңдатып тұр.

Азаматтарды қабылдау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева жағдайға түсініктеме берді, оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерді қысқарту мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін ескере отырып жүргізіледі, сондықтан бастапқы кезеңде ұмтылыс, кәсібилік, ең бастысы адалдық, әділдік және парасаттылық сияқты қасиеттерді көрсету қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы құрамында Төраға орынбасары Дмитрий Малахов, Төраға кеңесшісі Жазира Жылқышиева және "Парасат жолы" республикалық жобасының жетекшісі Сәдібек Түгел бар болғаны бірнеше күн ішінде халықпен ондаған кездесулер өткізіп, азаматтарды қабылдады.