АУЫЛ МЕН ҚАЛАНЫҢ ЖҮЗДЕГЕН АЗАМАТТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА

АУЫЛ МЕН ҚАЛАНЫҢ ЖҮЗДЕГЕН АЗАМАТТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА

Бүгінгі таңда қарапайым азаматтарды қандай сұрақтар мазалайды? Олар қалай өмір сүреді және қандай мәселелерге тап болады? Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобының мүшелері халықпен арнайы кездесулер аясында хабардар болды.

Агенттік Төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов, Төрағаның кеңесшісі Жазира Жылқышиева және қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Қостанай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Мақсатты топтың ішінде ең алдымен жастар секторына, бизнес субъектілеріне және бюджет саласының қызметкерлеріне басымдық беріледі.

Төраға кеңесшісі Жазира Жылқышиева кездесулер аясында халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа нормалары туралы егжей - тегжейлі хабардар етті. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген жаңашылдықтары туралы айтты. Оның айтуынша, "Сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі базалық халықаралық стандарт болып табылады. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыс нәтижелері Қазақстанның ЭЫДҰ және ГРЕКО сарапшыларының бағалауы шеңберінде өте маңызды болады"-деді Жазира Жылқышиева, сондай - ақ, осы жылы қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жүйесін оның жоғары еуропалық стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы сарапшыларының біздің елге алғашқы сапары жоспарланғанын - "Осыған байланысты күш-жігерді біріктіріп және барлық мақсатты топтарға бірыңғай шоғырлана отырып, осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы ымырасыз күресті жалғастыру қажет" - деп қорытындылады

4 күн ішінде жұмыс тобы Әулиекөл, Алтынсарин, Меңдіқара, Ұзынкөл, Федоров, Қарабалық, Қостанай аудандарында және Қостанай қаласында болды.

Кездесу соңында жұмыс тобының мүшелері Қостанай жұртшылығын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді көрсетуді жалғастыруға шақырды, ал мемлекеттік органдарға азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға баса назар аудару, бұл ретте жазалау тәжірибесінен алшақтап, халық арасында адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру жолымен алдын алу шараларына назар аудару ұсынылды.