2021 жылғы 25 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 27 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,18 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 19, Рудный қ. - 4, Аркалық – 3, Әулиекөл ауданы – 1 жағдай.
23 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 3 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 25 сәуір аралығында COVID-19-дың 14607 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14001.