Жетінші шақырылған Амангелді аудандық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

Жетінші шақырылған Амангелді аудандық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Амангелді аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 7504 азамат енгізіліп, оның 5515-і немесе 73,5 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 5508 адам қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 62 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы- 4438 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,16 пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 965 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,65 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы - 65 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,19 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«NurOtan» партиясына -9;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына -2.

 

Амангелді аудандық сайлау комиссиясы