Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 07 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 65 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. – 27 адам, Қостанай ауданында – 8, Қарабалық ауданында – 6, Лисаковск қ. – 5, Жітіқара қ. мен Б. Майлин атындағы ауданда 4 адамнан, Рудный қ. мен Денисов ауданында 3 адамнан, Сарыкөл ауданында – 2 және Науызрым, Алтынсарин, Ұзынкөл аудандарында 1 адамнан.  
57 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 49 адамда ауру белгілері болды, 16 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 07 қаңтар аралығында COVID-19-дың  7977  жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7304.