Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 06 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 59 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,7 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 26 адам, Денисов ауданында – 7, Рудный қ. – 6, Қостанай ауданында – 6, Алтынсарин, Әулиекөл, Меңдіқара аудандарында және Жітіқара қ. 3 адамнан, Ұзынкөл ауданында – 2.
50 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді. 3 адам Мысырдан әуехабарламамен келген кезде профилактикалық мақсатта тексерілді.  
Індет жұқтырғандардың ішінде 51 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 06 қаңтар аралығында COVID-19-дың  7912  жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7296.