Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьяновтың қатысуымен брифинг өтті.

Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьяновтың қатысуымен брифинг өтті.
Қостанай облысы бойынша 3 сәуірден бастап барлығы 5639 COVID-19 оқиғасы тіркелді. 3 желтоқсандағы жағдай бойынша сырқаттанушылықтың өсу қарқыны тәулігіне 1,5% – ды құрады. Ауру жұқтырған адамдардың 54-де ауру белгілері бар, 31-і асимптоматикалық.
 
Жергілікті кәсіпкерлерлердің көңілінен шықпайтын,  мониторингтік топтар белсенді жұмысты жалғастыруда.
 
- Егер, мысалы, дүкен рұқсат берілмеген уақытта жұмыс істесе, егер санэпидрежим, дезрежим бұзылса, оларға, әрине, қандай да бір әкімшілік шаралар қолданылады. Талаптарды бұзатын көптеген нысандар кездесуде, бұл үшін әр жағдайды нақты түсіну керек. Шаралар жарты жылдан астам уақыт бойы қабылданып келеді, бірақ бұзушылықтар үнемі тіркеледі. Біз барлық талаптарды сақтауымыз керек, содан кейін ешқандай әкімшілік істер туындамайды",-деп түйіндеді Юрий Севостьянов.