Президент күні қарсаңында Амангелді ауданында 18 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Президент күні қарсаңында Амангелді ауданында  18 отбасы  жаңа пәтерге ие болды

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында ауыл еңбеккерлерін қолжетімді жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету туралы өңір әкімдеріне міндеттер жүктеген болатын.
Тұрғындарды баспанамен қамту бойынша мәселе Амангелді ауданында жылма-жыл оң шешімін тауып келеді.
Аудан орталығында 1997 жылдан бері бұзылып, жарамсыз күйде тұрған болатын. Облыс әкімі Архимед Бегежанұлының тапсырмасымен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 169 млн теңге қаражат бөлініп, қайта құрылымдаудан өтіп отыр. 2 қабатты, аумағы 1268 шаршы метрді құрайтын бұл ғимарат 2 және 3 бөлмелі 18 пәтерден тұрады. Құрылысты «Алюминстрой» жауапкершілігі серіктестіктігі 152 млн теңгеге жүргізіп, уақытында сапалы орындап шықты.
Пәтерлер кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындарға және бюджет қызметкерлеріне берілді.
Пәтер алған 18 отбасы мүшелерінің мереке қарсаңында қуанышы еселеніп жатқан жайы бар.