Фитосанитарлық сараптама: тұқым сапасының сенімді кепілі.

Фитосанитарлық сараптама: тұқым сапасының сенімді кепілі.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары өнім алудың негізгі факторларының бірі – фитосанитарлық тұрғыдан таза және сапалы тұқымдық
материалды қолдану. Осы орайда фитосанитарлық сараптаманың маңызы ерекше. Бұл сараптама тұқым материалында зиянды
организмдердің – өсімдіктердің ауру қоздырғыштары, зиянкестер мен арамшөптердің тұқымдары – бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
Фитосанитарлық тексеру тұқымның фитопатологиялық тазалығын анықтап,егістікке тек сау тұқым, сапалы материалды жіберуге
көмектеседі. Бұл өз кезегінде өсімдік ауруларының алдын алуға, өнім сапасын жоғарлатуға және шаруашылықтың экономикалық тиімділігін
арттыруға ықпал етеді.
Зертханалық жағдайда жүргізілетін фитоанализ процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен, тексерілетін тұқымдардың қажетті мөлшері
бөлініп алынып , әрбір сынама Петри табақшасына салынады. Тұқымдар алдын ала дайындалған арнайы сүзгі қағаздарына орналастырылып,
оңтайлы температура мен ылғалдылықта ұсталады. Бұл аралықта тұқым бетінде немесе ішкі құрылымында болуы мүмкін микрофлоралар
бөлінеді. Осылайша зерттеушіге ауру қоздырғыштарын нақты ажыратуға және олардың түрін анықтауға мүмкіндік туады.
Сапалы тұқым – табысты егіншіліктің бастауы. Ал оны қамтамасыз етудегі негізгі қадам – фитосанитарлық сараптама.
Амангелді аудандық фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы