Мемлекеттік қызмет көрсету іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылармен тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Амангелді ауданы әкімдігі ғимаратында «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» жобасы аясында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.