Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі - бұл сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз.

Дауыс берушілердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Президентті, Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жасайды.

Сіздің белгілі бір сайлау учаскесінің аумағында тұру орнында тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне қосуға негіз болады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ оның қай сайлау учаскесіне енгізілгенін көрсетуге құқылы.

Егер сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, сіз уақытша тұрған жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға 30 күн қалғанда, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей) сол сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар, сәйкесінше Сіз дауыс беру күні сол сайлау учаскесінде дауыс бересіз.

Қосуға және алып тастауға, сондай-ақ сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерді нақтылауға байланысты барлық сұрақтар бойынша Сіз Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала аласыз: (23-0-00 немесе 21-7-44)