Ауыз суға қойылатын негізгі талаптар оның эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан

Ауыз суға қойылатын негізгі талаптар оның эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан

Ауыз суға қойылатын негізгі талаптар оның эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек.

Ауыз судың сапасы тарату желісіне түсер алдында, сондай-ақ сыртқы және ішкі су құбыры желілерінің су бөлу нүктелерінде гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы керек.

Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы оның:

табиғи суларда жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ дүние жүзінде кең таралған антропогендік текті заттардың жалпылама көрсеткіштері мен құрамы;

сумен жабдықтау жүйесінде өңдеу процесінде суда түсетін және түзілетін зиянды химиялық заттардың болуына;

адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде сумен жабдықтау көздеріне түсетін зиянды химиялық заттардың мөлшері.

Ауыз судың эпидемиялық қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтерге сәйкестігімен анықталады. Судың қолайлы органолептикалық қасиеттері оның нормативтерге, сондай-ақ судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін заттар құрамының нормативтеріне сәйкестігімен анықталады.

Ауыз суда жай көзге көрінетін су организмдері мен жер үсті қабықшасының болуына жол берілмейді.