
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылғы 31 қазанда «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» жалпы республикалық акциясы шеңберінде Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде сағат 11:00-де азаматтарды қабылдау өтеді.
Акцияның мақсаты - халыққа тегін заң көмегін көрсету.
Қабылдауды аудан прокуроры Ернар Мұқанов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер жүзеге асырады.
Акция өтетін орны: Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Маметова көшесі, 4.
Байланыс телефоны: 8 (71440) 2-12-08; 8 (71440) 2-11-73.