Амангелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Амангелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

13 қазан 2020 жылы Амангелді аудандық мәслихатының депутаттары-таңдаушылар отырысында, жасырын дауыс беру жолымен Амангелді ауданының Қарасу   ауылдық округінің әкімі 4  жылға сайланды.

Амангелді аудандық сайлау комиссиясы аңықталған сайлау қорытындыларын және сайланған әкімді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды:

Барлық таңдаушылар саны-12.Отырысқа қатынасқан 12 таңдаушының барлығы дауыс берді.   Сайланатын әкім лауазымына 2 кандидат түсті.

Әкімдікке кандидаттарға төмендегідей дауыстар берілді.

Абатов Бақытбек Төлепбергенұлы-3,Қоржынбаев Ғасырсейіт  Темірханұлы-9. Жарамсыз бюллетеньдер болған жоқ.

Қарасу ауылдық округінің әкімі болып сайланды және тіркелді: Қоржынбаев Ғасырсейіт Темірханұлы, 1969 жылы туған, зейнеткер, запастағы полиция майоры,  Амангелді ауылында тұрады.

 

Амангелді аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                            А.Ибраева