Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі: әрбір адамның қатысуы маңызды.

Ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі: әрбір адамның қатысуы маңызды.

 

2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Бұл кезеңде интервьюерлер мал және құс ұстайтын, бақшасы бар шаруашылықтарды аралап, деректерді жеке сұхбат түрінде жинайды.

Қатысушылардан жер учаскелерінің көлемі, өсірілетін дақылдар, мал мен құс басы, олардың ұсталуы мен жайылымдардың пайдаланылуы туралы сұралады.

Жиналған мәліметтер мемлекетке аграрлық сектордың жағдайы жөнінде толық көрініс алуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау шараларын әзірлеуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Санақ он жылда бір рет өткізіледі және Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды.

Әрбір қатысушы бұл іс-шараға жауапкершілікпен қарап, шынайы ақпарат беруі өте маңызды - өйткені ауыл шаруашылығының болашақ дамуы мен қоғамның игілігі соған байланысты.