Ротавирустық инфекция дегеніміз не?

Ротавирустық инфекция дегеніміз не?

Ротавирустық инфекция дегеніміз не? Ол аурудың жиілігі бойынша жедел респираторлық вирустық инфекциялардан кейін екінші орында тұр. Біздің аумақта бұл ауру таралған және ішек ауруларының жартысын құрайды; асқорыту бөлігін бұзады, ағзаның ұшынуы мен әлсіреуіне әкеледі.Осы инфекция түрімен ауыратындар саны жоғары, алайда негізінен 1 жас дейінгі балалар, сирек 6 жасқа дейін, ересектерде ауру оқшауланған жағдайларда кездеседі. Жыл сайын бұл ауру түрінен  3 млн баланың өліміне әкеледі. Ауыру жыл ағымында тіркеледі, алайда 70% қыс-көктем мезгілдерінде анықталады.Ротавирустар қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінде ылғалдылық пен температураға байланысты 10-15 күннен 1 айға дейін тұрақты болып, ал науқастардың нәжісінде  7 айға дейін,өзінің тіршілігін жалғастырады. Көбінесе ротовирустар өзенде, көлде, теңізде, балық консервілерінде, теңіз тағамдарында анықталады. Ауру  ротовирустық инфекциямен ауыратын адамдармен байланыста болған кезде теңіз тағамдары, су арқылы беріледі. Инфекция таралған су аймағында көкөніс, жеміс тағамдары және басқа тағам түрінен жұғу мүмкін. Инфекция ошағы ауырған адам немесе вирус таратушы болып табылады.Вирустың сауағзаға еніп шағым түскенге дейін орташа 15 сағат пен 7 күн, жиі 1-2 күнді құрайды.Ауру түрі жіті, іш өтулер белгілерін құрайды. Жарты жағдайларда құсу байқалады. Айта кетсек, бұл ауру жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен де (ринит, ринофарингит, фарингит, бронхит және т.б.) сипатталады.

Негізгі аурудын алдын алу шаралары төмендегідей:

- қолдың тазалығын мұқият сақтау қажет, тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін оларды сабынмен жуу;

- шикі су ішпеу, ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

- көкөністерді, жидектерді, жемістерді ағынды, қайнатылған сумен жуып, тұтыну;

- сапасы мен қауіпсіздігін анықтамайтын құжаттары жоқ заңсыз сауда жасайтын орындарда жеке тұлғалардан тағамдарды сатып алмау;

-тағамдардың жасалу мерзіміне зейін қою;

тағамды бөлетін ас үй үстелінің және ыдыс-аяқтардың тазалығын сақтау;

- балық пен ет, нан мен көкөністерге арналған бөлек пышақтар мен кесу тақтайларының болуы;

- тез бүлінетін тағамдарды суық жерде сақтау;

-термикалық тазалаудан өтпейтін тағам өнімдерін бүлінбеуінен сақтау;

Осы қиын емес ережелерді қолдана отырып, өз денсаулығыңызды аурудан сақтайсыз!