Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қостанай облысы, Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінде мониторинг жүргізу барысында Қостанай облысы, Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстар орталығы» КММ-не 154 357,00 теңге мөлшерінде жалақы түріндегі артық аударылған қаражатты анықтады. Бұл қаржы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры лауазымындағы Куптилеуов Бекболат Сактапбергеновичке 02.08.2024 жылғы №28429623 төлем құжатына сай жұмыс істеуі тоқтатылған есепшотқа аударылған және кейіннен толығымен мекеме есепшотына толық көлемде кері қайтарылған.
Қостанай облысы, «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен «Қостанай облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ арасында ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінен тәуекелді төлемдер туралы хабарламалар келіп түсу барысында одан әрі ынтымақтастық күн сайын жүзеге асырылатын болады.