15 тамыз 2024 жылы Амангелді ауылдық округіне қарасты Есір ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 2 отбасыға Құлахметов Оразхан және Мұқанов Сайранбайдың отбасыларына жаңадан салынған тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сүндет Ғаниев оларға кілтті салтанатты түрде табыс етті. Ауыл тұрғындары жанұяларды құттықтап, қоныстарына жылулық пен жайлылық тіледі.

Көктемде олардың баспаналарын су шайып, техникалық сараптама қорытындысы бойынша апатты деп танылған. Енді тұрғындар барлық коммуникациясы тартылған, аумағы 80 шаршы метр болатын жаңа баспанаға көшті. Оған қоса, жер учаскесі де берілді.

Президент пәрменімен табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға қамқорлық жасау қазіргі уақыттағы басым міндет. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында азаматтарға жаңа тұрғын үй беру жалғасып жатыр.