“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы барысында аудандық мәслихат депутаттарымен бірлескен Амангелді ауылы орталығындағы сауда орындары, тамақтану орындары араланып кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Күнделікті өмірде адамдар өзін бақытты сезінудің бірі– тазалық. Сондықтан республика көлемінде ұйымдастырылған экологиялық акцияға қатысу, еліміздің көркеюіне қосқан тамшыдай болсын үлесім деп білейік. Барлық округ тұрғындарын экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырамыз!