2 тамызда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кент әкімдігі
мамандары мен онда жұмыс істейтін басқа да қызметкерлердің қатысуымен
«Таза бейсенбі» сенбілік ұйымдастырылды. Ауылдың негізгі көшелері мен алаңдары тазартылды.
Тазалық барысында 4 тонна қоқыс, тұрмыстық қалдықтар, мал нәжістері, құрылыс қалдықтары шығарылды.
Көше бойында өсіп тұрған жасыл желектер күтімге алынып, сынған бұтақтар қиылып, жөнделді.
Басқа көшелерде рейдтер жүргізіліп, көше тұрғындарына ескертулер жасалды.