Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!

         

  Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!

Осы бір ұлылық сөздер зейнеткерлікке шықса да бір өзі барлық шаруашылықты  тындырып  жүрген қайратты аға Галиев Мақмұт Хасенұлына арналғандай. Ел ағасы – ауыл жанашыры, небір игі істердің бастамашысы. Үнемі халық үшін жасалған жақсы  істердің жаршысы бола білген аға биыл да ел-жұртына деген  қамқорлықтың үлгісі болды. Ауданымыздың 95 жылдығы мен А. Имановтың 150 жылдығы аталып өткен аудан орталығындағы атаулы мерекеде ауыл атынан 350 000 теңгеге сатып алдырған, сұлуынан гөрі жылуын шашқан алты қанатты шаңырақта небір байсалдылар бас қосты.

Жанашыр аға Әмина жеңгемізбен 4 баланы дүниеге әкеліп, бүгінде үш қызды құтты орнына қондырған асыл ұя. Ия, Бексұлтанның да қызығын көріп келбеті келіскен келін сүйіңіздер. Ошақтарыңыз сәби үніне толып, ағайынның ортасында бақытты ғұмыр кешіңіздер!