Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы

📌 Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы» атты іс-шара өтті. Бұл шараға біздің әкімдер де қатысты. Кездесудің негізгі мәні Президенттің келесі сөзі болды: «Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту керек. Бірақ мұны халыққа пайдасы тиетіндей мұқият ойластырып іске асырған жөн»

🔸 Бұл – Президенттің қағидатты ұстанымы, өйткені ауыл әкімдерінің жұмысы ауыл тұрғындарының өмір тіршілігіне тікелей қатысты көптеген мәселелерді шешумен байланысты. Қазір Мәжілісте «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға түзетулер қарастырылып жатыр. Бұл түзетулер көшедегі сауданы мониторингтеу, қоғамдық аумақтарды абаттандыру, арнайы техниканы сатып алу бағытында әкімдердің өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді.