Туристік қызмет көрсетушілермен жанжал: полицейлер бұл істі алаяқтық фактісі бойынша тергеуде
Қостанайда туристік агенттіктердің бірі полицейлердің назарына түсті. Шетелге турларды брондаумен айналысқан компанияға клиенттер жаппай шағымдануда.
Қазіргі уақытта полицияға турлар үшін төлеген, бірақ уәде етілген қызметтерді алмаған зардап шеккендерден 53 арыз келіп түсті. Адамдар Египетке, Түркияға, Таиландқа, Вьетнамға және Қытайға сапарларға тапсырыс беріп, турлардың құнын толық немесе ішінара төлеген.
Алайда, төлемге қарамастан, турларға тапсырыс берілмей, ақшалары қайтарылмаған.
Клиенттер турларды кеңсеге бару арқылы, телефон арқылы да брондап, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төледі. Бірақ ұшу күні олар турларға тапсырыс берілмегенін анықтады.
Алдын ала есептеулер бойынша залал шығындары 40 миллион теңгені құрады.
Компания айыптауларға ақшаның иемделмегенің және турлар өз құны бойынша сатылғанын, соның салдарынан мәселелер туындады деп жауап берді.
Қазіргі танда полицейлер турларды брондауды растайтын қандай да бір құжаттардың жоқтығын анықтады.
Екі және одан да көп зардап шеккендерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті-жеке кәсіпкер ұсталды. Тергеу жалғасуда.
Полиция зардап шеккендердің барлығынан осындай схема бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрайды.