🔶Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетіктері туралы айтты

🔶Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетіктері туралы айтты

🔶Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетіктері туралы айтты

Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады. Процедураларды оңайлату және автоматтандыру жолымен дәрілік заттарды тіркеу барысын реинжинирингтеу препараттардың нарыққа шығу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, дәрілік заттарға баға белгілеудің негізі – референтті елдерден ақпарат алу.
«Біз әртүрлі елдердегі шекті шығындар туралы ақпаратты шоғырландыратын халықаралық сайттарға жазылдық. Бұл сайттарды ДДҰ ұсынған, сондықтан бұл ақпараттың дұрыс және оларды пайдалану үшін ұсынымдардың қажет екендігіне күмән жоқ», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, байланысты мемлекеттік органдардың АЖ ақпараты қолданылады.
«Баламалы ақпаратты объективті баға белгілеу үшін пайдаланамыз, өйткені баға белгілеудің негізіне тауарды кедендік тазарту, көлік-логистикалық шығындар деректері және т.б. бойынша ақпарат алынады», - деді Ержан Нұрлыбаев.
Шекті және үстеме бағаларды қалыптастырудың жаңа тетіктерінде дженериктерге бағаны бастапқы дәрілік зат бағасынан 30%-ға төмендету көзделген.