30 мамырда Қостанай облысы Полиция департаменті басшылығының қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді
2025 жылғы 30 мамырда Қостанай қаласында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді. Іс-шара аясында Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллиннің халықпен есептік кездесуі жоспарланған.
Іс-шара сағат 11:00-де, Қостанай қаласы, Текстильщик көшесі, 9 мекен-жайында орналасқан Студенттер мәдениет үйінде басталады. Кездесу барысында Ерлан Файзуллин ағымдағы жылдың алғашқы төрт айындағы өңірдегі жедел жағдай бойынша есеп беріп, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.
Сонымен қатар, осы күні сағат 10:00 ден 12:00-ге дейін іс-шара өтетін аумақта қала тұрғындары үшін арнайы мамандандырылған жұмыс алаңдары жұмыс істейтін болады. Бұл алаңдарда тұрғындар келесі бағыттар бойынша мәселелерін шеше алады:
- қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқылау;
- қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат алу;
- полиция жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- қызығушылық тудырған өзге де тақырыптар бойынша кеңес алу.
Қостанай облысы Полиция департаменті қала тұрғындарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және жұртшылықты аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.