Өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

20 мамыр күні таңертең «Алматы – Екатеринбург» автожолының бойында, «Қайрақ» шекара бекетінен шамамен екі шақырым жерде, ішінде 10 шетел азаматы болған Ford Transit көлігінің жүргізушісі, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, барлық қажетті тергеп - тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтауға шақырады. Рөлде мұқият болыңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар және әрбір жасаған маневрдің қауіпсіздігін ескеріңіздер