Алдын алу – басты назарда

Алдын алу – басты назарда

Алдын алу – басты назарда

Қостанай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрайымы, Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Аружан Сарсенбаевамен бірлесіп, мектеп оқушыларымен жүйелі профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті кездесулер Қостанай қаласының №4 және №9 жалпы білім беретін мектептерінде өтті. Оқушыларға нашақорлықтың салдары, синтетикалық есірткілердің "зиянсыз" деген қауіпті мифтері туралы түсіндіріліп, заң аясындағы жауапкершілік жайында айтылды.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жастарды қауіпті қадамнан қорғау және «жоқ» деп айтуға үйрету.