
17 сәуір, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80-жылдығын тойлау қарсаңында Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында «Өткен шақтың қаһармандары туралы» зияткерлік ойыны өтті.
Ақылдылар шайқасында барлық курстар мен дайындық бағыттарынан 9 студенттік топ ат салысты.
Жеңіс жолында ақылды ұл-қыздарға күрделілігі әртүрлі төрт кезеңнен өту керек болды. Қатысушылар суреттерді тауып, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы форматындағы сұрақтарға жауап бере отырып, өз эрудицияларын көрсете білді. Соғыс жылдарындағы әндерді оңай тапты және қосылып орындап берді.
Ойын қорытындысы бойынша "Янтарь" командасы ( КЭ-101 тобы) 1-орынды иеленді, одан төменірек, "ЧелМУ қауіпсіздік комитеті" командасы (М-201 тобы) 2-орынға жайғасты және 3-орын "Октябрята" (МБЛ-102 тобы) командасына берілді.
Өткізілген іс-шара өскелең ұрпақ үшін Ұлы Отан Соғысы мен оның қаһармандары туралы естен шығармау қаншалықты керек және маңызды екенін тағы да дәлелдеді.