«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының тауарлық газ бағасына жүргізген сараптамасының қорытындысы бойынша, 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті бағасын өзгерту көзделген.
Аталған сараптамалық қорытындыға сәйкес, тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті сату бағасы орта есеппен 3,3%-ға, яғни 1 м³ үшін 1,3 теңгеге өседі.
– Бұл өзгеріс газдың бөлшек саудадағы бағасы құрылымындағы 3%-ды құрайтын және ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалған бөлшек саудада өткізу қызметі шығыстарының артуына байланысты орын алып отыр, – деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ілияс ЕЛЕМЕСОВ