Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округке Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр Маратұлы Сартов жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында округ тұрғындарымен есептік кездесу өткізілді.

Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары, алдағы кезеңге арналған жоспарлар баяндалып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер қаралды. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, ұсыныстарын айтып, проблемалық мәселелерді көтеруге мүмкіндік алды.
Түскен барлық сұрақтар бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Барша тұрғындарға белсенді қатысқандары және ашық, сындарлы диалог үшін алғыс білдіреміз!