2025 жылғы 21-23 шілде аралығында Қостанай ст.ЖПб қызмет көрсету учаскелерінде «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Бұл көлік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында ұйымдастырылатын кешенді шара.
Мақсаттары:
• Көлік тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
• Заңсыз тасымалдаушылар мен іздеуде жүрген адамдарды анықтау;
• Тасымалдаушылар арасында тәртіпті күшейту;
• Көлік ортасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың деңгейін төмендету.