
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Большая Чураковка ауылында балалар алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Әткеншекке жөндеу жүргізілді, еден жабынындағы тақталар ауыстырылды және сырлау жүргізілді. Аталған іс-шаралар елді мекеннің аумағын абаттандыруға және өскелең ұрпақ үшін қолайлы орта құруға бағытталған.